Шымкентте карантин режимі созылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте карантин режимі созылды

Шымкент бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент қаласында карантин режимі 8 ақпаннан 22 ақпанға дейін созылады. 

"Шымкент аумағындағы карантин мен шектеу шаралары 2021 жылғы 8 ақпан сағат 00.00-ден 2021 жылғы 22 ақпан сағат 00.00-ге дейін ұзартылсын", - делінген қаулыда.

Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын іс-шаралар, оның ішінде еске алу, туған күн, мерейтой, шығарып салу, құдалық, той және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, қала бойынша 65 жастан асқан адамдардың қозғалысы шектеледі. Тұрғындарға кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтауға және маска тағу ұсынылды.

Қаулының толық нұсқасымен мына жерде танысуға болады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети