25 ақпан 2020 | 10:44

Шымкентте қарумен қашқан сарбаздың ісі: Дивизия командирі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте қарумен қашқан сарбаз қызмет еткен дивизияның командирі ұсталды. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте қарумен қашқан сарбаз қызмет еткен дивизияның командирі ұсталды. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ІІМ бірнеше бап бойынша қылмыстық істі тіркеді - 291 ("Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу") және 453-баптар ("Қызметке салғырт қарау") бойынша. 20 ақпанға қараған түні сержант Балғымбаев екі сыбайласымен бірге - 1995 және 1996 жылғы достарымен 29 автомат, 24 тапанша алып қашты. Жедел-тергеу тобы ҰҚК мен ІІМ өкілдерімен бірігіп, қашқандарды ұстады, қарулар тәркіленді", - деді Әділов.

Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі әскери бөлімде қаруларды түгендеп жатыр.

"Үш лауазымды тұлға - дивизия командиры, жедел кезекші, қатардағы келісімшарттағы әскери қызметкер ұсталды. Олар әскери қызмет ережелерін бұзғаны үшін, немқұрайлық танытқаны үшін ұсталды", - деді ІІМ Тергеу департаментінің басшысы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети