Шымкентте кәсіпкер 5 мың газқағарды әкімдіктің алдына шашып кетті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте кәсіпкер 5 мың газқағарды әкімдіктің алдына шашып кетті

Шымкент әкімдігінің алдында бес мың дана газқағар шашылып жатыр. Тендерді ұтып алған кәсіпкерден тапсырыс беруші әкімдік тауарды қабылдамай қойыпты. Ашуланған жеке кәсіпкер әрқайсы 36 мың теңге тұратын 5 мың газқағарды ғимараттың алдына лақтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, кәсіпкер әйел өткен жылы бес мың газқағар жеткізу бойынша тендерді жеңіп алған. Әйел ресейлік зауытқа тапсырыс беріп, 160 миллион теңгеден астам ақша жұмсаған. Бірақ компанияда шикізат таусылып, тауар белгіленген мерзімде келмеген.

Әйелдің айтуынша, ол шенеуніктерге тауар белгіленген мерзімде келмейтінін ескерткен. Бірақ тауар келген кезде әкімдіктегілер ешкімге керек емес екенін айтқан. Қала әкімдігі келісімшартты бұзып, кәсіпкер әйелдің үстінен сотқа шағым түсірген, содан кейін ол осындай қойылым қойған.

"Компания тауарды тендерде белгіленген мерзімнен кешіктіріп берді. Заң бойынша біз сотқа жүгіндік. Егер сот тауарды алып, компанияның ақшасын төлеуге міндеттесе, біз оны орындаймыз", - дейді Шымкент қаласы әкімі аппаратының мамандандырылған базасының меңгерушісі Ердәулет Құрманғазы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети