11 желтоқсан 2023 14:18

Шымкентте кассадан 12 миллион теңге жымқырған ер адам сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ото: polisia.kz ото: polisia.kz

Шымкентте жанар-жағармай бекетінің кассасынан 12 миллион теңге жымқырған ер адам сотталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Шымкентте жанар-жағармай бекетінің кассасынан 12 миллион теңге жымқырған ер адам сотталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға жанар-жағармай бекетінің кассасынан аса ірі мөлшерде ақша жымқырылғаны туралы арыз түсті. Кәсіпкердің айтуынша, кассирші жігіт тәуліктік кезекшілікке түскенде төлем қабылдайтын банк құрылғысының болмауына байланысты тұтынушыларға өзінің жеке есепшотын айтып, ақшаны сонда аудартып отырған.

"Осылайша, ол жанар-жағармай сатудан түскен қаражатты кассаға толық өткізбей, жәбірленушіге 12 350 000 теңге шығын келтірген. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізді", - делінген хабарламада.

35 жастағы жергілікті тұрғын жымқырған ақшаны жеке қажетіне жаратып жібергені анықталған. Тергеушілер барлық айғақтарды жинап, қылмыстық іс материалдарын сотқа жолдады.

Нәтижесінде, сот ер адамды кінәлі деп танып, оны 5 жылға материалдық жауаптылықпен байланысты қызметтерді атқару құқығынан және 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети