05 шілде 2023 12:02

Шымкентте көліктегі жолаушы есірткі қолданып жатқан жерінен ұсталды

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Шымкентте "синтетикалық есірткі" пайдаланған көліктегі жолаушы жолдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Toyota Camry көлігінің алдында отырған жігіт бағдаршамда көлікті тоқтатып, қағаз ақшаны түтікшеге айналдырып, мұрнымен ұнтақ тәрізді затты иіскеген.

Жедел басқару орталығының кезекшілері бұл туралы дереу патрульдік полицияның жақын маңдағы экипажына хабарлады.

Полиция қызметкерлері көлікті Назарбеков көшесінің бойында 4 минут ішінде ұстады.

"Тексеру барысында көліктен марихуана салынған қағаз бума және мефедрон салынған 2 полиэтилен пакеті табылды. ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 24 жастағы күдіктіге ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети