30 сәуір 2021 | 10:29

Шымкентте көпбалалы аналар әкімдік алдында түнеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

Шымкентте көпбалалы аналар наразылық акциясын өткізді. Әйелдер уақытша баспана беруді талап етіп, әкімдік алдында түнеді, - деп хабарлайды "Astana.tv" телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте көпбалалы аналар наразылық акциясын өткізді. Әйелдер уақытша баспана беруді талап етіп, әкімдік алдында түнеді, - деп хабарлайды "Astana.tv" телеарнасы.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, 10 әйел, оның ішінде қолында сәбиі бар жүкті әйел Шымкент қаласы әкімдігі алдында түнеген. Көп балалы аналар шенеуніктерден олардың тұрғын үй мәселелерін шешуді талап етті. Жалдамалы пәтер алуға көбінің жағдайы келмейді. Немесе пәтер иелері көп баласы бар отбасын қабылдағысы келмейді. Сондықтан қала тұрғындары биліктен уақытша баспана беруді сұрап отыр.

"Бізді бес алты баламен ешкім пәтерге алғысы келмейді, балаң көп деп. Сондықтан уақытша баспана берсінші. Әкімдікте бос пәтерлер барын білеміз ғой", - деді Раушан Жанарова.

Көпбалалы аналардың айтуынша, олар бірнеше жыл тұрғын үй кезегінде тұр. Кейбірі 2014 жылдан бері.

"Мен өз басым балалар үйінің тәрбиеленушісімін. 1998 жылдан бері әлі баспана алмағанмын. Бес балам бар. 2006 жылы бірінші рет үй кезегіне тұрғанда журналға қолмен жазатын. Оны жоқ қылды. 2014 жылы қайтадан тұрдым кезекке. Бірақ әлі бұйыратын түрі жоқ", - деді Гүлзада Дүтбаева.

Телеарна мәліметі бойынша, нәтижесінде таңертеңге дейін әкімшілік алдында бес әйел қалған. Оларды полицейлер әкімдік ғимаратына кіргізбеген. Тәртіп сақшылары осы уақыт ішінде наразылық білдірушілерді тарауға көндірген.

Әкімдік қызметкерлері көпбалалы аналар үшін уақытша баспана заңмен қарастырылмағанын мәлімдеді. Ал пәтерлер оларға кезек тәртібімен беріледі. Мысалы, биыл жиналғандардың ішіндегі екі әйел пәтер алады.

"Бұл бюджет мүмкіндіктеріне байланысты. Біреуі қыркүйекте, екіншісі жылдың соңына дейін алады. Біз көпбалалы аналар үшін 444 пәтер сатып аламыз. "Тұрғын үй қатынастары туралы" заң бойынша уақытша тұрғын үй қарастырылмаған, сондықтан заңды бұзуға құқығымыз жоқ", - деді Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары.

Бірақ көпбалалы аналар тұрғын үй кезегінде тұрғысы келмейді. Олар уақытша пәтерлерге қол жеткізуге ниетті. Егер билік қолдамаса, олар президентке хат жазбақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети