15 ақпан 2019 | 16:36

Шымкентте көпбалалы аналарға қолдау көрсетудің жаңа тетіктері қарастырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте көпбалалы аналарға қолдау көрсетудің жаңа тетіктері қарастырылды. Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов халық алдындағы есебінде мәлімдеді. Мегаполисте көп балалы аналарға қызмет көрсететін орталық ашылып, олар мұнда мемлекеттік қызмет түрлерін ала алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте көпбалалы аналарға қолдау көрсетудің жаңа тетіктері қарастырылды. Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов халық алдындағы есебінде мәлімдеді. Мегаполисте көп балалы аналарға қызмет көрсететін орталық ашылып, олар мұнда мемлекеттік қызмет түрлерін ала алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2019 жылдың 1 наурызынан бастап Алтын алқа, Күміс алқа иегерлері және Батыр аналар мен І және ІІ дәрежедегі орденмен мараппатталған аналар қоғамдық көлікте тегін жүреді. Бұл үшін Шымкент қаласының әкімдігі тасымалдаушы компанияларға субсидия бөлді.

Ал табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға берілетін жәрдемақы 25 мыңнан 100 000 теңгеге дейін ұлғайып, тамыздан бастап беріледі. Сонымен қатар кәсіпкерлермен бірге "Сен жалғыз емессің" жобасы жүзеге асырылмақ. Оның аясында тағдыр тауқыметін тартып жатқан отбасыларға баспана салынады.

Бұған қоса Шымкенттегі 1000 отбасыға газ және өрт қауіпсіздігінің алдын алуда дабыл беретін арнайы құрылғылар орнату жұмыстары басталды. Аталған құрылған аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға демеушілер есебінен тегін орнатылмақ.

Айта кетейік, мегаполисте 2220 Алтын алқа иегері, 6056 Күміс алқа иегері, 511 Батыр ана, 700-ден аса І және ІІ дәрежелі орденмен марапатталған және 3200 көп балалы ана бар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети