15 сәуір 2020 21:05

Шымкентте коронавирустан бір науқас көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте коронавирустан бір науқас көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкентте коронавирустан бір науқас көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. 1954 жылы дүниеге келген. Қазақстанда коронавирус індетінен жалпы 16 адам қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, марқұм - 1954 жылғы, зейнеткер, Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласының тұрғыны. Азамат Жетісай қаласындағы орталық аудандық ауруханада коронавирусты инфекциямен ауыратын науқаспен жақын байланыста болған. 1 сәуірде ер азаматта коронавирустық инфекциясы анықталды.

4 сәуір күні жағдайының нашарлауына байланысты науқас санавинация арқылы Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылып, жансақтау бөліміне жатқызылды.

Түскен кезінде науқастың жағдайы ауыр, сопорда, ИВЛ аппаратына қосылған. Науқаста вирустық гепатит, бауыр циррозы, қант диабеті, созылмалы панкреатит сияқты ауыр қосымша аурулар болған.

"Емдеу хаттамаларына сәйкес науқасқа барлық қажетті емдеу іс-шаралары жүргізіліп, бірнеше рет республикалық мамандармен консультациялар өткізілді. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, бүгін сағат 15:00-де науқас қайтыс болды", - деді басқармадағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети