©Нұрғиса Елеубеков
Шымкентте теміржол вокзалы ауданындағы көтерме тауар қоймалары өртеніп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz оқиға орнынан. Куәгерлердің айтуынша, азық-түлік пен автокөлік шиналары сақталатын қоймаларда өрт 26 ақпан күні 14.00 шамасында басталған. Қазіргі уақытта аумақ қоршауға алынып, өрт сөндіріліп жатыр, жалын әзірше ауыздықтала қойған жоқ. Қойманы жалға алушылардың хабарлауынша, өрт кезінде мұнда күзетшілер болмаған. Екі күн бұрын Алматы және Астана қалаларында да қоймалар өртенген болатын. Алматыдағы халықаралық әуежай аумағында "Европа Азия транзит" серіктестігіне қарасты уақытша сақтау қоймасында кеңсе техникалары мен жиһаздар өртенді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт қойманың 10 шаршы метрін жалмаған. Ал Астанада "Престиж ST" серіктестігіне қарасты дайын өнімдер қоймасының 100 шаршы метрі жанып кетті. Қоймадағы кесілген ағаш материалдары түгел күл болды, адам шығыны жоқ. Еске сала кетейік, өткен жылдың соңында Қарағанды қаласының орталығында да ірі тауар қоймасы өртенген еді. Өрт шамамен 200 шаршы метрге жуық аумақты шарпыды. Зардап шеккендер болған жоқ.
Шымкентте теміржол вокзалы ауданындағы көтерме тауар қоймалары өртеніп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz оқиға орнынан.
Куәгерлердің айтуынша, азық-түлік пен автокөлік шиналары сақталатын қоймаларда өрт 26 ақпан күні 14.00 шамасында басталған. Қазіргі уақытта аумақ қоршауға алынып, өрт сөндіріліп жатыр, жалын әзірше ауыздықтала қойған жоқ. Қойманы жалға алушылардың хабарлауынша, өрт кезінде мұнда күзетшілер болмаған.
Екі күн бұрын Алматы және Астана қалаларында да қоймалар өртенген болатын. Алматыдағы халықаралық әуежай аумағында "Европа Азия транзит" серіктестігіне қарасты уақытша сақтау қоймасында кеңсе техникалары мен жиһаздар өртенді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт қойманың 10 шаршы метрін жалмаған. Ал Астанада "Престиж ST" серіктестігіне қарасты дайын өнімдер қоймасының 100 шаршы метрі жанып кетті. Қоймадағы кесілген ағаш материалдары түгел күл болды, адам шығыны жоқ.
Еске сала кетейік, өткен жылдың соңында Қарағанды қаласының орталығында да ірі тауар қоймасы өртенген еді. Өрт шамамен 200 шаршы метрге жуық аумақты шарпыды. Зардап шеккендер болған жоқ.