22 мамыр 2023 09:00

Шымкентте қойманың шатыры өртенді: бір адам зардап шекті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте қойма өртенді. Төтенше жағдайдың салдарынан бір ер адамның қолын күйік шалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Отырар" телеарнасының Instagram парақшасына сілтеме жасап.


Шымкентте қойма өртенді. Төтенше жағдайдың салдарынан бір ер адамның қолын күйік шалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Отырар" телеарнасының Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Шымкентте 21 мамырда сағат 15:28-де Ломоносов көшесінде жалпы ауданы 2400 шаршы метр қойманың шатыры 280 шаршы метр аумақты шарпыды.

Өртті сөндіру кезінде апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері 1983 жылы туған азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетті. Оның сол қолы алты пайыз күйік алған. Сағат 16:20-да өрт оқшауланып, 16:32-де жойылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

"Өртті сөндіруге жеке құрамның 50 адамы, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінен 11 техника және апаттар медицинасы орталығы филиалының төрт адамы жұмылдырылды", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети