31 наурыз 2021 | 14:26

Шымкентте қыз алып қашқандар ісінің мән-жайы анықталды

Шымкент полиция департаменті қыз бен оны алып қашқандар Еңбекші ауданының учаскесіне жеткізілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент полиция департаменті қыз бен оны алып қашқандар Еңбекші ауданының учаскесіне жеткізілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адам екі досымен бірге қызды үйлену үшін алып қашқаны хабарланды. Барлығы Түркістан облысының тұрғыны.

"Сол түні 18-шағын ауданда ер адам үйлену үшін достарымен бірге мені мәжбүрлеп көлікке отырғызып, үйіне апарды. Аса таныс емеспіз. Осы уақытқа дейін оның үйінде болдым. Маған қатысты зорлық әрекеттер жасалмады. Қазір бәрі жақсы", - деп түсіндірді ұрланған қыз.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 29 наурызда әлеуметтік желіде Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан белгісіз біреулер қызды күштеп көлікке отырғызып алып кеткені түсірілген видео пайда болды

Сол күні ҚР ҚК-нің 126-бабы 2-бөлігінің 1- тармағына сәйкес сотқа дейіңгі тергеп-тексеру басталды. Осы баптың бұл тармағы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Шымкентте бір топ жігіт алып қашқан қыз табылды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная