Шымкентте қызметкерлері ұсталғаннан кейін полиция басшысы жазаланды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте қызметкерлері ұсталғаннан кейін полиция басшысы жазаланды

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Шымкентке жұмыс сапары барысында қалалық полиция департаментінің жеке құрамы арасындағы тәртіп пен заңдылықтың бұзылуын сынға алды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Шымкентке жұмыс сапары барысында қалалық полиция департаментінің жеке құрамы арасындағы тәртіп пен заңдылықтың бұзылуын сынға алды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкентке Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың басшылығымен арнайы топ келді. Бұған Шымкент қаласы полиция қызметкерлерінің ұсталуы себеп болды.

"Марат Қожаев қалалық полицияның жұмысты ұйымдастыру мен тәртіп жағдайына қатысты жұмысын сынға алды. Қазіргі жағдай шұғыл өзгерістерді талап ететінін атап өтті",- деп хабарлады баспасөз қызметі.

ІІМ арнайы тобының мүшелері қызметкерлерге қалалық полицияның бірқатар басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын жеткізді. Олардың қатарында ПД бастығы Қайрат Дәлбеков те бар. Министрдің бірінші орынбасары Қожаев оны ІІМ басшысының бақылаусыздығы үшін жазалау туралы бұйрығымен жеке таныстырды.

"Жауапкершілікке тартуға полиция қызметкерлері жасаған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар себеп болды. Олардың арасында жергілікті полиция қызметінің экс-бастығы, рота командирі және патрульдік полиция полкінің екі қызметкері, сондай-ақ Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бар.

Жеке құраммен жұмыс істеу міндетіне кіретін кадр аппаратына қатысты да қатаң шаралар қабылданатын болады. Президенттің Қазақстан халқына "Жаңа Қазақстан" Жолдауын іске асыру мақсатында полиция қатарында дөрекілікке, жекжаттыққа және тамыр-танысқа орын жоқ. Бүгін біз ішкі істер органдарының адал, еңбекқор қызметкерлерін қолдаймыз. Азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау және заңның үстемдігі - біздің негізгі міндетіміз", - деді Марат Қожаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети