15 шілде 2022 | 13:14

Шымкентте лауазымды тұлғалар балалар шығармашылығына бөлінген қаржыны жымқырмақ болған

Фото:elements.envato.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Аrtsport платформасына қатысты ұрлық деректерінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Аrtsport платформасына қатысты ұрлық деректерінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшылығына және биыл өздерінің бақылауындағы фирмаларды қолданып, Аrtsport платформасы арқылы балалар шығармашылығын жан басына қаржыландыруға бөлінген қаражатты ұрлауды ұйымдастырған басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Департамент тергеуінде 10 миллион теңге шамасында Аrtsport ақпараттық жүйесі арқылы балалар үйірмелерге қатысқандығы туралы жалған мәліметтерді пайдаланған ұрлаудың екі дерегі бар", - делінген хабарламада.

Антикор мәліметінше, спорттық мемлекеттік тапсырыс аясында 2022 жылы Шымкент қаласына 2,3 миллиард теңге бөлінген. Бюджет қаражатын иемдену бойынша ұқсас фактілері қосымша тексеріліп жатыр.

Реклама
Реклама

Соттың санкциясы бойынша, басқарма басшысы қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Артспорт" жобасының жүзеге асырылуын сынға алған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная