14 шілде 2022 16:03

Тоқаев "Артспорт" жобасы туралы: Алаяқтық, ашықтан-ашық жымқыру басталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Артспорт" жобасының жүзеге асырылуын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Артспорт" жобасының жүзеге асырылуын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында өскелең ұрпақтың қарым-қабілетін дамыту үшін қолға алынған бастама туралы айтты.

"Қосымша спорттық және шығармашылық білім беру ісіне мемлекет тапсырысы бойынша қаржы бөлінетін болды. Бұл қадам үйірмелер мен секцияларға қатысатын балалардың санын 70 пайызға дейін арттырды. Мұны стратегиялық тұрғыдан дұрыс шешім болды деп санаймын.

Дегенмен, жоба іске қосылған жылы бірқатар олқылыққа жол берілді. Яғни, қаржы мәселесіне және тиісті порталдың ("Артспорт") жұмысына қатысты қателіктер болды. Қаржыны артық жұмсау, алаяқтық, ашықтан-ашық жымқыру басталды. Ата-аналар балаларын бірден бірнеше үйірмеге беретін болды. Өкінішке қарай, мұндай теріс пиғыл басқа балалардың жолын кесіп отыр", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, кемшіліктің бәрін түзетіп, осы игі бастаманы жалғастыру қажет.

"Әкімдіктер және мәслихаттар қосымша білімге бөлінетін бюджет қаражаты жетпей қалуы мүмкін деп алаңдап отыр. Білімге салынған қаражат – мемлекет үшін ең басты инвестиция болуы керек. Бұл – өте маңызды мәселе. Түптеп келгенде, дамудың бірден-бір жолы – білім саласы", - деді Президент.

Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдер жұртшылықпен бірлесіп, жобаны жетілдіруге тиіс екенін айтты.

"Оны сапалы әрі тиімді жасау қажет. Нақты ғылымдар мен инженерия саласы бойынша қосымша білім беруге айрықша назар аудару керек. Балаларды дене шынықтыру және академиялық тұрғыдан бірдей дамыту қажет. Ауылдық жерде тұратын балаларға баса мән берген жөн. Барлық аймақтағы балалардың қосымша білім алуына мүмкіндігі болуы тиіс. Құзырлы министрлік пен әкімдіктер жобаның жүзеге асырылуын реттеп, жіті бақылауы қажет. Бұған дейін бөлінген қаржының жұмсалуын тексеру керек. Бұл міндет Бас прокуратураға жүктеледі. Анықталған кемшіліктерді Үкіметпен бірлесіп жою қажет", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети