Шымкентте мас ер адам автобус жүргізушісіне шабуыл жасады: әйел мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте мас ер адам автобус жүргізушісіне шабуыл жасады: әйел мерт болды otyrar.kz

Шымкентте мас ер адам автобус жүргізушісіне шабуыл жасады. Сққыға жығылған автобус жүргізушісінің жағдайы тұрақты. Қазір стационарлық ем қабылдап жатыр. Қоғамдық көлік тізгіншісі оқыс оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте мас ер адам автобус жүргізушісіне шабуыл жасады. Сққыға жығылған автобус жүргізушісінің жағдайы тұрақты. Қазір стационарлық ем қабылдап жатыр. Қоғамдық көлік тізгіншісі оқыс оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Жолаушы соққыға жыққан автобус жүргізушісі қазір ауруханада жатыр. Аты мен жүзін көрсетпеуді өтінген азамат оқыс оқиғаның аяқ асты орын алғанын айтады. Оның сөзінше күдікті бұған дейін де мас күйде қоғамдық көлікке мініп, тізгіншілерге тиісіп жүріпті. Ал кеше ол жәбірленушіге қатты сөйледің деп жұдырығын ала жүгіріпті.

"Бір күн бұрын ол менің маршрутыма мінген еді. Кереметтен түсіп қалды. Қолында арағы бар еді. Ертесіне мешіт жақтан қайта мінді. Мінді де жаныма отырды. Сайрамға келгенге дейін тыныш отырды негізі . Кейін бастады ғой. Арамызда қатты айқай, шу да болған жоқ. "Неге қатты сөйлейсің?" дейді. Мен түскен адамға қатты сөйлеген жоқпын, тез түсіп қалдыңыз дегенмін. Келіп боқтады. "Неге боқтайсың?" деген кезде келді да ұрды. Мұрным қанады. Көзім қарауытып кетті. Автобусты тоқтатып тұрамын дегенше бірнеше соққы беріп тастады", - дейді автобус жүргізушісі.

Науқасқа дәрігерлер жабық бас миының шайқалуы және беттің жұмсақ тінінің зақымдануы деген диагноз қойған. Қазір тұрғын стационарлық ем қабылдап жатыр.

"15 тамыз күні жедел жәрдеммен келіп түсді. Қабылдау бөлімінде нейрехирургтер көмек көрсетті. Тексеру барысында бас миының жарақаты анықталған. Қазір науқастың жағдайы тұрақты. Ем шарасын алып біткен соң амбулаториялық емге жіберіледі", - дейді нейрохирург Бабур Юсупов.

Айта кетейік, оқиға орнында қатты соққыдан бір әйел қаза тапты. Ал күдікті қамауға алынып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети