Шымкентте мектепке 232 мыңға доп сатып алынбақ болған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте мектепке 232 мыңға доп сатып алынбақ болған Фото:elements.envato.com

Шымкентте спорттық құрал-жабдықтар көтермеленген бағада сатып алынбақ болған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы Дәурен Ерғарин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте спорттық құрал-жабдықтар көтермеленген бағада сатып алынбақ болған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы Дәурен Ерғарин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, дарынды балаларға арналған мектеп мемлекеттік сатып алу сайтында күмәнді лот жариялаған. Антикор мәліметінше, оқу орны 2,7 миллион теңгеге 20 доп сатып алуды жоспарлаған.

"Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2,2 миллион теңгеден аса сомаға бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алды. Қалалық білім басқармасының "№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы" КММ мемлекеттік сатып алу жоспарында 2,7 миллион бюджет қаражатына 20 доп алуды бекіткен. Тауардың әрбіреуі 2-ден 10 есеге дейін асыра бағаланып есептелген", - деп жазды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы Дәурен Ерғарин Facebook-парақшасында.

"Мемлекеттік мекеме баскетбол добын 232 мың теңгеге, ал волейбол добын 42 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған", - делінген жазбада.

Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына жоспардың тармағын қайта қарау туралы ұсыныс хат жолдаған. Нәтижесінде 2,2 миллион теңгеден аса қаржы үнемделген. Айта кетейік, бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сатып алу нарығының ашықтығы мен қолжетімділігін арттыратын "Бірыңғай сатып алу терезесі" веб-порталына үнемі мониторинг жүргізетіні айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети