Шымкентте мемлекеттік ту көтерілді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте мемлекеттік ту көтерілді

Ұлттық және мемлекеттік мереке ретінде қоғамдық қолдауға ие болған Республика күні Қазақстанның жаңа тарихында еліміздің басты мерекелерінің бірі болып қайта оралды. Осыған орай бүгін Шымкентте Тәуелсіздік алаңында Туымыз көкке көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Салтанатты рәсімге қала басшысы М.Әйтенов, халық қалаулылары, құқық қорғау орган басшылары, сот, қоғам белсенділері мен БАҚ қатысты.

Тарихи датаның маңыздылығын айтқан М.Дүйсенбекұлы жиналған қауымды айтулы күнмен құттықтады.

"25 қазан - Республика күні - егемендігіміз бен елдігіміздің нышаны. Көк туымыз көктен түспесін, бай-қуатты мәңгілік мемлекетке айналайық! Шым шаһарымыз бұдан да көркейіп, гүлденуі жолында сіз бен біз боп бірлесе атсалыса берейік!" - деді қала әкімі.

Шымкент қалалық опера және балет театрының хор ұжымы "Көк тудың желбірегені" әнін орындап, әскери үрмелі оркестрдің орындауында патриоттық музыкалық әуендер шырқалды.

Мерекені айшықтай түсу мақсатында салтанатты шара вело және көліктер шеруіне жалғасты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети