Шымкент мектептерінің бірінде мұғалім оқушының бетінен ұрған. Оқиғаның видеосы жарияланды. Бұл туралы "Астана" телеарнасының сюжетінде айтылады.
Шымкент мектептерінің бірінде мұғалім оқушының бетінен ұрған. Оқиғаның видеосы жарияланды. Бұл туралы "Астана" телеарнасының сюжетінде айтылады.
Оқушылардың бірі түсірген видео кадрларынан мұғалімнің балаларға ұрысып жатқанын байқауға болады. Оларға жауапсыздығын айтады. Осы кезде сыныпқа тағы екі оқушы кіреді. Олардың бірі педагог қабырғаға итеріп жібереді де, екіншісі қол жұмсайды.
Сөйтсек, бұл оқиға қаланың №83 мектебінде болған екен. Білім беру мекемесінде осы оқиғадан кейін дау шықты. Ата-аналар жиналыста мұғалімге қатысты шара қабылдауды талап еткен.
Роликтегі мұғалім - география пәнінен сабақ беретін Батыр Күшбаев екен, ол 22 жаста. Ол өз кінәсін мойындап та отыр. Сол күні ашуға берілгенін, өкінетінін айтқан. Ол балалардың жиі алдайтынын, сабаққа кешігетінін және түрлі сылтау айтатынын жайып салған.
"Сабақ басталды. Бірде-бір бала болмады. Бұл балаларды мен үзілісте көргенмін. Олар "әжетханада болдық" деді. Бірақ олар әжетханадан шыққан. Сабаққа келсем, сыныпта ешкім болмады. 15 минуттан кейін бірақ келді. "Қайда болдыңдар?" деген сұрағыма "Әжетханада" деді. Бұл өтірікке менде дұрыс реакция болмады", - дейді мұғалім.
Педагог балалар мен олардың ата-анасынан кешірім сұраған. Алайда бұл оны қатаң сөгістен құтқармады.