25 мамыр 2022 | 13:05

Шымкентте опырылған шатыр астынан Қазақстан туын алып шыққан кім?

ПОДЕЛИТЬСЯ

21 мамырда Шымкентте футбол матчы кезінде дауыл салдарынан стадионның шатыры опырылды. Төтенше жағдай  "Ордабасы" мен "Ақсу" арасындағы кездесу кезінде болған. Желіде шымкенттік жанкүйердің опырылған шатыр астынан Қазақстан туын алып шыққан видеосы пайда болды. Видеодағы жігіттің кім екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar порталына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

21 мамырда Шымкентте футбол матчы кезінде дауыл салдарынан стадионның шатыры опырылды. Төтенше жағдай  "Ордабасы" мен "Ақсу" арасындағы кездесу кезінде болған. Желіде шымкенттік жанкүйердің опырылған шатыр астынан Қазақстан туын алып шыққан видеосы пайда болды. Видеодағы жігіттің кім екені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar порталына сілтеме жасап.

Бұл видео TikTok-та кең таралды, қазірдің өзінде 94 мыңнан астам пайдаланушысы лайк басып, мыңнан көп пікір қалдырды. 

@ernar_ahmetjan Көк туын жерге тастамаған қазағым #көк ту #Қазахстан ♬ Мен Қазақпын - Қуандық Рахым

Матч кезінде стадионда мыңға жуық жанкүйер болған. Бір топ опырылған шатыр астынан Қазақстан туын байқаған. Өрт сөндіруші болып жұмыс істейтін Нұркен Намаз төнген қауіпке қарамастан үйінді астынан Қазақстан туын алып шығады. Оның сөзінше, бұл қадамға кез келген қазақстандық ойланбастан баруы керек. 

"Желдің екпіні қатты болып, шатыр біз отырған жаққа құлады. Үйінді астында жатқан еліміздің туын көріп, оны алып шыққым келді. Ту - ең маңызды дүниеміздің бірі. Бізді ту арқылы таниды. Ту әрдайым жоғары тұруы керек. Біз осындай тәрбие көріп өстік", - дейді ол. 

Стадионның шатыры соңғы рет 2004 жылы күрделі жөндеуден өткен екен. Ал Шымкент полициясы айтулы оқиғаға қатысты  «Сапасыз құрылыс» бабы бойынша іс қозғады. Заңға сәйкес, апатқа айыпты адам табылып, кінәсі дәлелденсе, ол алты миллион теңгеден астам айыппұл арқалауы мүмкін.

Еске салайық, 21 мамырда Шымкентте футбол матчы кезінде дауыл салдарынан стадионның шатыры опырылды. Шымкент полициясы шатырдың құлауына қатысты "Сапасыз құрылыс" бабы бойынша соталды тергеуді бастады. Барлық қажет сараптамалар тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети