05 қараша 2019 | 18:01

Шымкентте отбасы газдан уланған болуы мүмкін - министрлік

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Шымкентте уланып қайтыс болған балаларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Шымкентте уланып қайтыс болған балаларға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі Сапа және тауарлардың қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл отбасы тамақты баллонмен жұмыс істейтін газ плитасында дайындаған.

Ведомство мәліметінше, сол күні газ баллоны ашық қалған болуы мүмкін.

Бұдан бөлек, зардап шеккен отбасының дүкеннен сатып алынған тұшпараны жегені айтылады. "Бірақ әкесінің айтуынша, жартылай дайындалған өнімдер бұзылмаған, дұрыс пісірілген. Дегенмен анасы мен баласы ол тұшпараны жемеген", - дейді комитеттегілер.

Олардың айтуынша, қазіргі уақытта сот-медицина сараптамасы жүргізіліп жатыр, нақты шешім бір ай ішінде дайын болады.

Еске салайық, 3 қарашада Шымкентте таңғы сағат 10-да әйел үш баласымен ауруханаға түскен болатын. Балаларға тамақтан уланды деген диагноз қойылған болатын. Бірақ кейінірек 2015 және 2018 жылғы балалардың қайтыс болғаны хабарланды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети