Шымкентте Өзбекәлі Жәнібековке композициялық мүсін орнатылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің композициялық мүсінінің ашылу салтанаты және "Дара" атты фильмнің тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің композициялық мүсінінің ашылу салтанаты және "Дара" атты фильмнің тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Мархабат Байғұт, "Парасат" орденінің иегері Ханбибі Есенқарақызы, қоғам қайраткерінің ұрпақтары мен ғалымдар, тағы басқа зиялы қауым өкілдері қатысты.

Композициялық мүсіннің қала орталығында бой көтеруіне ықпал еткен қала әкімі Мұрат Әйтенов құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығына тоқталып өтті.

"Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің ұлт руханиятын көтерудегі орны айрықша. Ғалым-этнограф мәдениет министрлігінде жауапты қызмет атқарған жылдары елімізде 400-ге жуық археологиялық нысан қалпына келтірілгенін жақсы білеміз. Тарихымызды танып, руханиятымызды білуге үлкен өзгерістер жасалды. Бұл Өзбекәлі Жәнібековтің ұлт қайраткері, отаншыл азамат ретіндегі тұлғасын көрсетеді. Мемлекетіміздің маңызды тарихи белесі - Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ашылған бұл ескерткіш бүгінгі ұрпақтың ұлт азаматына көрсеткен зор құрметі деп білемін", - деді қала әкімі.

Шымкент қаласының Орталық саябағына орнатылған шағын сәулет мүсіні Ө.Жәнібековтің 90 жылдық мерейтойына арналып отыр. Ондағы мақсат - ұлтымыздың ұлттық құндылықтарын, өмір салтымызды заманға сай одан әрі байытуда, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыз арқылы жаңа ұрпақ тәрбиелеуде Ө.Жәнібековтің биік тұлғасын дәріптеу.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының "Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында" қоғам қайраткерінің өмір жолын баяндайтын "Дара" атты деректі фильмнің тұсауы кесілді. Фильмде қайраткердің өмірлік позициясы, ұлттық идеологияның негізін қалаудағы ой-пікір ұстанымы, қазақтың өмір-салты мен болмыс-бітімі, дүниетанымын түбегейлі зерттеп, қайта жаңғырту жолындағы ізденістері, т.б., көптеген еңбектері сараланады.

Жиналған көпшілік фильмді тамашалап, "Әдет-ғұрып және салт дәстүр орталығының жұмыс барысымен танысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro