Шымкентте полиция бастығының орынбасары әріптесін зорлады деп айыпталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте полиция бастығының орынбасары әріптесін зорлады деп айыпталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Әлеуметтік желілерде Шымкент Полиция департаментінің қызметкері әріптесін зорлаған деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Шымкент Полиция департаментінің қызметкері әріптесін зорлаған деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазбаларда Еңбекші аудандық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Ерлан Жұмановқа қатысты зорлау дерегі бойынша арыз түскені айтылған. Қазіргі уақытта істі Тұран аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша тіркелген, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ, жарияланымда полиция қызметкері қазіргі уақытта жүкті екені де айтылған.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы Шымкент Полиция департаментіне жүгінді. Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, әйелдің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады Шымкент ПД.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети