23 қыркүйек 2020 | 13:22

Шымкентте сібір жарасын жұқтырған науқастардың жағдайы айтылды

Шымкент қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері сібір жарасымен ауырғандардың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері сібір жарасымен ауырғандардың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аса қауіпті жұқпалы аурулар мен туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Балқымыс Мұсаева ауру жұқтырған ағайындылардың бірінің ауруханадан шығарылғанын айтты.

Реклама
Реклама

"Екінші науқас ауруханада жатыр, оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады", - деді Мұсаева.

Сондай-ақ, ол ауру ошағында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілгенін, байланыста болған 21 адамның 14 күн бойы медициналық бақылауда болғанын айтты. 

"Ошақ оқшауланды. Бүгінде аурудың қайталанған жағдайлары тіркелген жоқ. Сібір жарасының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілді", - деп атап өтті ол.

Еске салайық, мұның алдында Шымкентте ағайындылардың сібір жарасын жұқтырғаны хабарланған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная