23 қыркүйек 2020 08:42

Шымкентте ағайындылар сібір жарасын жұқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © astanatv.kz Фото: © astanatv.kz

Шымкентте сібір жарасын жұқтырған екі науқас тіркелді. Бұл туралы "Астана" телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкентте сібір жарасын жұқтырған екі науқас тіркелді. Бұл туралы "Астана" телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Отырар" жазған мәліметке қарағанда, Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарасу аулында орналасқан шаруашылықта жұмыс істейтін 33 және 19 жастағы ағайындылар сібір жарасын жұқтырған. Фермерлер мал асырап, оны сатумен айналысады. 

Қазір мамандар аурудың шыққан ошағын анықтап жатыр. Дәрігерлер науқастар малды сойған кезде немесе табиғи жолмен жұқтырған болуы мүмкін дейді.

Бірақ ағайындылар мұны жоққа шығарып отыр. Олардың айтуынша, жануарларға өз фермасында қараған. Эпидемиологтар малды тексерген. Оның дені сау.

Сондай-ақ, науқастар 20-дан аса адаммен байланысқан. Оларды медицина мамандары бақылайды.

"Біз не дегенмен малды сойған кезде жұқтырған болуы керек деп ойлаймыз. Себебі ол жануарлардан жұғады. Әсіресе сібір жарасының тері формасы. Шымкент қаласы, сондай-ақ Түркістан облысының жақын маңдағы аудандары сібір жарасы бойынша қолайсыз орын. Себебі бізде қолайсыз стационар пунктері бар", - деді Шымкент қаласы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Балкүміс Мұсаева.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети