Шымкентте шенеунік ұрланған ақшаға жұбайына электрокар сатып алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте шенеунік ұрланған ақшаға жұбайына электрокар сатып алған Фото:depositphotos.com

Шымкентте шенеунік ұрланған ақшаға жұбайына электромобиль сатып алған. Антикор осы және өзге де мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте шенеунік ұрланған ақшаға жұбайына электромобиль сатып алған. Антикор осы және өзге де мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Агенттік мәліметінше, 2022 жылдан бері мемлекетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне 1,12 трлн теңгеден аса актив қайтарылған. Ұрланған қаражат пен мүлік ел ішінде де, шетелде де іздестіріліп жатыр.

"Тергеу жүргізу кезінде күдіктілердің туыстарына, сенімді адамдарға және басқа тұлғаларға рәсімделген активтер тексеріледі. Әдетте олар мүлік пен оны сатып алуға жұмсалған қаражат қайдан келгенін дәлелдей алмайды, ал олардың ресми табысы активтердің құнынан едәуір төмен болып шығады", - деді Антикор өкілі.

Мысалы Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа күдікті ұрланған қаражатқа сатып алынған көлік пен екі пәтерді жұмыссыз туысының атына рәсімдеген.

Ал Шымкентте мемлекеттік қызметкер ұрланған ақшаға жұбайына электромобиль сатып алған.

Жетісу облысында да жүргізілген тергеу нәтижесінде жалпы сомасы 2,8 млрд теңге болатын мүлік, соның ішінде ақша, алты көлік және бір пәтер тәркіленген.

Сонымен қатар, Активтерді қайтару комитетімен бірлесіп жүргізілген жұмыс нәтижесінде Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен мемлекет пайдасына 5 млрд теңгеден аса қаржы, зергерлік бұйымдар және қымбат мүліктер қайтарылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети