Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали, республикалық "Парасат жолы" орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел, қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, мемлекеттік мекеме өкілдері қатысты.
Қала әкімі Әйтенов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басымдығы туралы айтты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды.
"Сыбайлас жемқорлықтың себептерін жоюдың тиімді құралдары бар. Бұл – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты. Оны мемлекеттік органдар тұрақты негізде жүргізуі тиіс. Осы жылдың 5 сәуірінен бастап әкімшілік заңнамаға түзетулер күшіне енді. Енді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы, жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы және заңсыз кірістер алуы сияқты әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға және олардың жолын кесуге уәкілетті болады. Бұл тетіктерді барынша пайдалануға иеттіміз. Өз мекемелерінде жемқорлықты жою бойынша шаралар қабылдамайтын басшы жауапты болады", - деді Жазира Жылқышиева.
Отырыс барысында білім, денсаулық сақтау, жер қатынастары басқармалары басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы есеп тыңдалды.
Іс-шара қорытындысы бойынша шаһар басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы әкімдіктің барлық басқармаларында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою, ішкі талдау жүргізу және мемлекеттік органдардың қызметінде ашықтықты қамтамасыз ету бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!