Шымкентте тағы 60 адам коронавирус жұқтырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте тағы 60 адам коронавирус жұқтырған

Шымкентте 17 мамырда тағы 60 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді. Науқастардың көбі бұған дейін ауырғандардан жұқтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

Жаңа жағдайлар ПТР диагностикасы арқылы белгілі болған. Бір адам Атырау облысынан келген, тағы бір науқас ЖРВИ диагнозымен ауруханаға түскен. Қалған 58 адам COVID-19 жұқтырғандармен жақын байланыста болған. Барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.

"Қазір науқастардың жағдайы - қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес емделіп жатыр. Науқастармен байланыста болған тұлғаларды анықтап жатырмыз. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді", - деп жазылған штабтың хабарламасында.

Соңғы мәліметтер бойынша Шымкентте COVID-19 жұқтырған 404 адам тіркелген. Еліміз бойынша жалпы 6 440 адамнан коронавирус анықталды. Жұқтырған адамдардың 3 256-сы емделіп шықты, 34-і қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети