Шымкентте тағы бір нысан мемлекетке қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте тағы бір нысан мемлекетке қайтарылды Фото: Мұз сарайының Facebook-парақшасынан

Шымкенттің Спорт сарайы мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттің Спорт сарайы мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Қала прокуратурасының талап арызы бойынша Шымкенттегі Спорт сарайы (қазіргі Мұзсарайы) мемлекетке қайтарылды.

"2017 жылы Шымкент "Спорт сарайы" ЖШС-ның 67,09 пайыз үлесі жекешелендіріліп, құны 1 миллиард теңгеге, яғни нарықтық құнынан 8 есе аз сомаға сатылғаны анықталды.

Сонымен қатар, Спорт сарайын сатып алған ұйым жекешелендіру рәсіміне заңсыз жіберілген және жарғылық құжаттарға сәйкес спорт саласындағы қызметтермен айналысуға құқығы жоқ болғандықтан, аукционға қатысушы ретінде тіркелуге жатпайды", - делінген хабарламада.

Спорт сарайы оңтүстік өңірлерде қысқы спорт түрлерін дайындайтын жалғыз орын болып саналады.

"Объектіні жекешелендіру кезінде мемлекет мүлкін қоғам игілігіне тиімді пайдалану қағидасына сәйкес басқаруды міндеттейтін "Мемлекеттік мүлік туралы" ҚР Заңының нормалары бұзылған.

Сондай-ақ, 5 жыл ішінде мемлекет Спорт сарайының үй-жайларын жалға алуға 1 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсаған".

Шымкент Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 27 мамырдағы шешімі бойынша, жекешелендіру нәтижелері жойылғаны айтылды.

Қазіргі уақытта шешім заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети