Шымкентте тәртіпсіздіктер кезінде 12 адам жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте тәртіпсіздіктер кезінде 12 адам жарақат алды "Хабар 24" сюжетінен алынған кадр

Шымкентте 5 мыңнан астам адам қалалық әкімдіктің алаңына жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте 5 мыңнан астам адам қалалық әкімдіктің алаңына жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Ақпарат бойынша, қымбатшылықты ұран еткен шерудің ақыры қақтығысқа ұласып, жиналғандар әкімдіктің ішіне басып кірді. Алтыншы қабатқа дейін көтерілген жұрт терезелерді сындырып, қолына ілінген бұйымдарды бүлдірген. Компьютерлерді өздерімен бірге алып кеткен.

"Түнгі сағат 21:00-дің шамасында басталған шеру таңғы төртке қарай тоқтатылды. 12 адам түрлі жарақатпен медицина мамандарының көмегіне жүгінді. Оның төртеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Олардың барлығы - полиция қызметкерлері. Жиналған жұрттың тәртіпсіздікке бой алдыруы арандатушылықтың салдары дейді әкімдіктегілер. Себебі арнайы топ халықтың арасына ұран тастап, бүлік шығарған", - делінген "Хабар 24" сюжетінде.

Сондай-ақ, 59 полиция көлігі жарамсыз күйге түсіп, біреуі түгел жанып кетті. Наразылық білдірген белсенділер бірнеше көлікті де аударып тастағаны хабарланды. Әлі материалдық шығын толық есептелген жоқ.

"Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп тұрғандарды шабуылдай бастады. Қолдарында арматура, тас, әртүрлі құралдары бар. Сосын бір он шақты адам әкімдікке басып кірді. Алтыншы қабатқа дейін есіктерді қиратып, техникалардың бәрін бүлдіріп, құжаттарды далаға лақтырып, кейбір компьютер, ноутбуктарды өздерімен алып кеткен", - дейді қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети