Шымкентте Тәуелсіздік күнінің қарсаңында 46 азамат мемлекеттік наградамен марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте Тәуелсіздік күнінің қарсаңында 46 азамат мемлекеттік наградамен марапатталды

Шымкентте Тәуелсіздік күнінің қарсаңында 46 азамат мемлекеттік наградамен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте Тәуелсіздік күнінің қарсаңында 46 азамат мемлекеттік наградамен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерекелік жиында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, егемендік жылдары Шымкенттің қарыштап дамығанын тілге тиек етті.

"Тәуелсіздік арқасында Шымкент қаласының дамуы жаңа деңгейге көтерілді. Еліміз егемендік алған жылы Шымкентте халық саны 400 мың адам болса, бүгінгі күні 1 миллион адамнан асты. Қала аумағы кеңейіп, 13 мың гектардан 116,3 мың гектарға дейін ұлғайды.

Мұрат Дүйсенбекұлы өз сөзінде қала бюджеті 1994 жылғы 1,0 миллиард теңге болса, бүгінгі күнде 455 миллиард теңгеден асқанын жеткізді. Қала экономикасына 2,6 триллионнан аса инвестиция бағытталған. 1991 жылдан бері 6,1 миллион шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілгенінен дерек келтірді.

"Қол жеткізген табыстарымыздың барлығы – Тәуелсіздіктің, осы жолда жан аямай тер төккен азаматтарымыздың ерен еңбегінің нәтижесі. Қашанда тәу етер Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын", – деді шаһар басшысы.

Салтанатты жиында "Асар" мөлтек ауданынынан 1200 орындық жалпы орта мектеп, "Нұрсәт" мөлтек ауданынан бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын "Атамекен" медициналық орталығын және түсті металл мен арматура шығаратын өндіріс орны онлайн форматта ашылды.

Сонымен бірге, салтанатты шарада ҚР Президентінің Жарлығымен, мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Шымкент қаласының 46 азаматы ҚР Мемлекеттік наградамен марапатталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети