Шымкентте театрға құрал-жабдық сатып алуға арналған 136 миллион теңге жоғалған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Шымкент бойынша департаменті "Шымкент жастар театры" МКҚК директоры мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты 136 миллион теңгеден астам көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Шымкент бойынша департаменті "Шымкент жастар театры" МКҚК директоры мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты 136 миллион теңгеден астам көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА мәліметінше, мемлекеттік бюджеттен концерт өткізуге арналған жабдықтарды (соның ішінде колонкалар, сабвуферлер, сахналық ферма, күшейткіштер, микрофондар және т.б.) сатып алуға 320 миллион теңге бөлінген.

Алайда сатып алу талаптарын бұза отырып, лоттарды қолдан бөлшектеу арқылы 20-дан астам атау бойынша сатып алу электронды дүкен арқылы жүргізілген. Электронды сауда алаңы арқылы жабдықты нақты жеткізбеген жалған жеке кәсіпкерлермен келісімшарттар жасалып, қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.

"Күдіктілердің бірі қылмыстық жолмен алынған табысқа жалпы құны 48 млн теңгені құрайтын автокөлік пен пәтер сатып алып, мүлікті жасыру мақсатында оларды сенімді адамдардың атына рәсімдеген", - делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Күдіктілер қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети