20 шілде 2024 | 10:12

Шымкентте тоғыз қабатты үйдің іргетасы ажырап, қабырғасы қақыраған

ПОДЕЛИТЬСЯ

скриншот скриншот

Шымкентте жаңа үйден пәтер алған тұрғындар үреймен отыр. Пәтер кезегінде жылдап тұрған азаматтар мемлекеттік бағдарламамен 4 жыл бұрын ғана осы шаңырақтарына қол жеткізіпті. Алайда "ипотеканы төлеп бітеміз дегенше, үй құлап қалмай ма" дейді. Себебі тоғыз қабатты ғимараттың іргетасы ажырап, үйдің ішкі қабырғалары қақырап кеткен. Одан қалса, еңісте орналасқан үйдің жаңбыр сайын есік алды мен жертөлесін су басады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте жаңа үйден пәтер алған тұрғындар үреймен отыр. Пәтер кезегінде жылдап тұрған азаматтар мемлекеттік бағдарламамен 4 жыл бұрын ғана осы шаңырақтарына қол жеткізіпті. Алайда "ипотеканы төлеп бітеміз дегенше, үй құлап қалмай ма" дейді. Себебі тоғыз қабатты ғимараттың іргетасы ажырап, үйдің ішкі қабырғалары қақырап кеткен. Одан қалса, еңісте орналасқан үйдің жаңбыр сайын есік алды мен жертөлесін су басады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көпқабатты тұрғын үйдің ішкі қабырғалары қолмен ұстағанға жел кезіндегі қамыстай қимылдап жатыр. Тұрғындардың сөзінше, тым сапасыз салынған үйдің қабырғалары қақырап, едендері ойылып кеткен.

Бақытжан Нұсқабаев түсқағаз астындағы сызаттарды көрсету үшін жапсырманы алмақ болып еді, қалай болса жабыстырылған онысы оңай алына салды.

"Түсқағазды қалай болса солай жабыстырып кеткен. Әшейін алынып жатыр, жұлынып жатыр. Дұрыстап жабыстырмаған, түкірікпен жабыстырған сияқты. Мынаның бәрі жарық. Мынаның бәрі екі жылдың ішінде осындай боп кетті. Жел тұрса, терезенің бәрі қимылдап, мынаның бәрі су болады", - дейді Бақытжан Нұсқабаев.

Жауын-шашын бұл үйдің тұрғындары үшін нағыз азап. Себебі су терезе түгілі қабырғадағы саңылаулардан өтеді дейді. Тұрғындардың көбі су өтпес үшін қабырғаларын қалыңдатуға мәжбүр.

"Мыналардың бәрінен жаңбыр әр жаңбыр жауған кезде су өтеді. Қайтадан бұзып, қайтадан қалтадан ақша шығарып жөндеп жатырмыз. Электр желісін қайта жүргізіп, жатырмыз. Мынаның бәрі сапасыз".

Тұрғызылғанына төрт жыл ғана болған үйдің сыртының да алқам-салқамы шыққан. Былтырғы жер сілкінісінен кейін іргетасы ажырап, қасбеті ұша бастаған. Еңісте тұрған үйге жауын жауса, су жиналып, жертөлесі тіпті құрғамайды екен. "Мердігер мекеме өкілдерінің уәдесінен шаршадық" дейді жұрт.

"Мен өз басым 15 жылға алғанмын, кезінде ипотекаға, бірақ бұл үй 15 жылға жарамайды. 6-7 жылда қирап қалады. Былтыр, мысалы, жер қимылдаған кезде іргетасының бәріне сызат түсті. Ажырап кетті. Құрылыс компаниясының өкілін шақырған кезде желімін жағып кетті де қалды. Әр келген кезде бір шелек желіммен келеді. Сосын қолында көбігі болады, соны жағып кетеді", - дейді Меруерт Мамытбаева.

Бұл үйді бюджеттің 750 млн теңгесіне салдырып, өздері қабылдап алған құрылыс басқармасы да "СПМ-Қызылорда" деп аталатын компанияға ақауларды көрсетіп, "бірнеше мәрте ескерту жасадық" дейді, бірақ мердігер тіпті селт етпеген көрінеді.

"Міндетін атқармағаны үшін бес пайыз айыппұл дық салынды. Оның сомасы жобада 36-38 млн айыппұл, төлеген жоқ. Даулап сотқа дейінгі хаты жолданып, қазір міндетін атқармағаны үшін сотқа талап-арыз жолданды", - дейді Шымкент құрылыс басқармасының бас маманы Шыңғыс Жасұзақов.

Енді құрылыс компаниясының жауапкершілігін сот қарайды. Ал әкімдік пен мердігерге жәутеңдеген жұрт ипотека төлеп біткенше, үйіміз құламаса деп тілеп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети