Шымкентте тойда жас-жұбайларға VIP-нөмір сыйға берілді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан кадрлар

Шымкентте жас-жұбайларға тойға автокөліктің VIP-нөмірі сыйға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте жас-жұбайларға тойға автокөліктің VIP-нөмірі сыйға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерекше сыйлықтың видеолары әлеуметтік желілерде тарады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Шымкенттегі филиалы бұл нөмірдің 228 АЕК - 665 мың теңгеге ресми түрде сатып алынғанын хабарлады.

Реклама
Реклама

Мемлекеттік корпорация видео кейіпкері тойға аз уақыт қалғанда күйеу жігітпен бірге алғанын атап өтті.

"2021 жылдың 4 қазанында әлеуметтік желілердегі видеодағы клиент Шымкент қаласының арнайы орталығына келіп, нөмір сатып алды. Сатып алған нөмір бірден күйеу жігітке тіркелді", - деді Шымкенттегі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының PR-менеджері Алтынай Татаева.

Қазақстанда сұранысы жоғары мемлекеттік нөмірлерді ресми түрде сату 2014 жылы басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама