09 қараша 2015 | 13:58

Шымкентте тұрғындардың наразылығынан кейін қоқыс полигоны жабылатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі © Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі

Шымкентте тұрғындардың наразылығынан кейін қоқыс полигоны жабылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімі аппаратының баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. Айта кетейік, қала іргесіндегі "Мәртөбе" қоқыс полигонына байланысты жергілікті тұрғындар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өз наразылығын білдірген болатын. Олар қоқыс полигонының тұрғын үйлерден небәрі 500 шақырым қашықтықта жатқанын айтқан.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте тұрғындардың наразылығынан кейін қоқыс полигоны жабылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімі аппаратының баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. Айта кетейік, қала іргесіндегі "Мәртөбе" қоқыс полигонына байланысты жергілікті тұрғындар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өз наразылығын білдірген болатын. Олар қоқыс полигонының тұрғын үйлерден небәрі 500 шақырым қашықтықта жатқанын айтқан.

Осы түйіткілді мәселе төңірегінде Шымкент қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Мәлік Әбдінұров БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг ұйымдастырды. Баспасөз қызметінің өкілдері Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің 3 ақпандағы №297 бұйрығымен Қаратау ауданы тұрғындарынан жинақталған тұрмыстық қалдықтар толығымен "Мәртөбе" полигонына тасымалданып келген. Ал биыл бұл полигонға жобамен 39 мың тонна тұрмыстық қалдықтар төгуге рұқсат етіліпті. Қазіргі таңда "Таза қала" МКК-нің шешімімен мұнда күніне 23-25 тонна көлемде қалдық тасымалданып жатыр. Яғни орта есеппен қоқыс жинау алаңшасына әр күні жеткізілген қалдықтар көлемі 10-13 жүк көлігінен аспайды. 

"Шымкент қаласының тазалығы мен көріктілігіне баса мән берген қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов полигон аумағына жақын орналасқан тұрғындардың талабын ескере отырып, осыдан бір ай бұрын аталмыш полигонды көшіру туралы тапсырма берген болатын. Себебі, аталмыш полигон ондағы көпқабатты үйлерден небәрі жарты шақырым қашықтықта орналасқан. Қазір жауапты сала мамандары жаңа қоқыс палигонының орнын қарастыруда. Жаңа орын анықталған жағдайда, Мәртөбе қоқыс палигоны толығымен жабылмақ", - делінген хабарламада. 

Бұл мәселе сәйкесінше әлеуметтік шиеленістің туындауына алып келуін ескере отырып қала әкімдігі тарапынан Мәртөбе елді мекенінің қолданыстағы қоқыс полигонын көшіру үшін 2,15 гектар жер телімін бөлу жұмыстары қолға алынды. Әрі полигон территориясына жақындап кеткен тұрғын үйлер мен қоқыс тастайтын жердің ара қашықтығын 2005 жылғы №137 бұйрық талаптарына сәйкестендіруге мүмкіндік беріп, санитарлық ара қашықтықты 502 метірден кемтпеуді қадағалап отыр. 

Сонымен қатар, бөлінетін жердің қоршауын қалпына келтіру және дезинфекциялық шұңқырдың құрылысы жүргізуге тиісті тапсырмалар берілді. Қосымша бөлінген жер телімінің сыйымдылығы 3 жылға есептелген. Осы уақыт кезінде қала әкімдігі тарапынан аталған аумақтарға қызмет көрсететін жаңа полигонға жер телімін іздестіріп бөлу және инвесторларды енгізе отырып өңдейтін зауыт құрылысының жұмысын жүргізу жоспарланып отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети