Шымкент полицейлері қаладағы тыныштықты бұзған жүргізушілерді жауапкершілікке тарту туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шымкент полицейлері қаладағы тыныштықты бұзған жүргізушілерді жауапкершілікке тарту туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция департаментінің мәліметі бойынша, жыл басынан бері 1135 автокөлік жүргізушісі көлікті түрлендіргені үшін жауапқа тартылған, үшінші мегаполистің тұрғындары "қатты дыбысты" көліктерді ұнатады.
Тыныштық ережесін бұзғаны үшін 20 824 мопед жүргізушісіне хаттама толтырылған.
"Жалпы, 2024 жылдың басынан бастап осы бап бойынша 3531 адам жауапқа тартылды. Полиция қызметкерлері күн сайын құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында құқық бұзушыларды анықтайды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!