Шымкентте ұлттық спорт түрлері бойынша халықаралық жарыс мәресіне жетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Шымкент қаласында Наурыз мейрамына орай "GREAT QAZAQ GAMES" атты спорттық сайыстар өтті. Онда еліміздің барлық өңірлерінен және Түркия, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Сауд Арабиясы мен Иорданиядан келген спортшылар бақ сынады. Олар үш күн бойына көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату және тоғызқұмалақ секілді ұлттық спорт түрлері бойынша бақ сынады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент қаласында Наурыз мейрамына орай "GREAT QAZAQ GAMES" атты спорттық сайыстар өтті. Онда еліміздің барлық өңірлерінен және Түркия, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Сауд Арабиясы мен Иорданиядан келген спортшылар бақ сынады. Олар үш күн бойына көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату және тоғызқұмалақ секілді ұлттық спорт түрлері бойынша бақ сынады.

Шымкент қаласындағы жаңа ипподромда өткен байрақты бәсекеде аударыспақ бес салмақ дәрежесі бойынша өтті. Нәтижесінде 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде – ақтөбелік Азамат Серғазин, 70 келіге дейін – тағы бір ақтөбелік спортшы Шыңғысхан Ержанов, 80 келіде – түркістандық Дарын Өткелбай, ал 90 келіде Түркістан облысының тағы бір өкілі Есімхан Рахматілла жеңіске жетті. Ал 90 келіден жоғары салмақта Ақтөбе облысынан келген палуан Арман Сағымбаевтың бағы жанып, "GREAT QAZAQ GAMES" ойындарының жеңімпазы атанды.

Көрермен қауым үшін ең қызықты сайыстың бірі көкпар болғаны талассыз. Командалық көкпар бойынша жүлделі 3-орын жарыс қожайындары Шымкент қаласының көкпаршыларына бұйырды. Финалда Қырғызстан Республикасының ұлттық құрамасы мен Жамбыл облысы арасында тартысты ойын болды. Нәтижесінде жамбылдық көкпаршылар жеңіске жетті.

Қазақ күресі бойынша палуандар 8 салмақ дәрежесінде бақ сынап, өзара жеңімпаздарды анықтады. Оған қоса түйе палуанды анықтауға арналған белдесулерде үшінші орын қызылордалық спортшы Мақсат Исағабылов иеленді. Ал финалға қос бірдей шымкенттік палуан Ерсұлтан Мұзаппаров пен Марат Байқұмаров шықты. Тартысты өткен белдесудің қорытындысы бойынша Марат Байқұмаров жеңіске жетіп, "GREAT QAZAQ GAMES" ойындарының түйе палуаны атанды.

Мұнан бөлек көнеден келе жатқан дәстүрлі спорт түрлерінің бірі –жамбы ату бойынша сайыстар үш түрлі стиль, атап айтқанда, түрік, корей және қазақ стилі бойынша ұйымдастырылды. Сондай-ақ, теңге ілу мен асық ату, ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақ және дәстүрлі садақ ату сайыстары тартысты өтіп, Наурызда көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.

Tengrinews
Шымкент қаласы ІСБ ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 507  course up  572.27  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer