Шымкентте үш баланың анасы өзіне қол жұмсамақ болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте үш баланың анасы өзіне қол жұмсамақ болды Видеодан алынған кадр

Шымкентте полиция қызметкерлері 5 қабатты үйдің төбесінен секірмек болған әйелді құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте полиция қызметкерлері 5 қабатты үйдің төбесінен секірмек болған әйелді құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

102 нөміріне "Адия" ТК-нің тұрғындарынан қоңырау түсті. Олар белгісіз адамның көпқабатты үй төбесіне көтеріліп, өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын хабарлады.

Кезекші жедел түрде патруль полиция полкінің барлық экипажына хабарлама жіберді. Шақыруға бірінші болып 1-рота қызметкерлері Қанат Бишинов пен Бейбіт Нұрпейісов келді.

Патруль полиция қызметкерлері бірнеше минут ішінде өз өмірлерін қатерге тігіп, көпқабатты үй төбесіне көтеріліп, әйелді әңгімеге тартты. Олар оның назарын аудару арқылы ойынан қайтарып, құтқарып қалды.

Қала тұрғыны аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Әйелдің үш баласы бар екені белгілі болды. Әңгімеден кейін полиция қызметкерлері оны күйеуіне тапсырды. Өз кезегінде жұбайы тәртіп сақшыларына қызметі үшін алғыс айтты. Әйел қазір отбасымен бірге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети