12 қазан 2019 | 10:18

Шымкентте үш көшенің тұрғындары жарыққа жарымай отыр

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: otyrar.kz Сурет: otyrar.kz

Шымкенттегі "Таскен" шағынауданындағы 3 көшенің тұрғындары 13 жылдан бері жарыққа жарымай келеді. Жергілікті халық жекенің меншігіндегі электр қуатына тәуелді. Сымдар үзіліп, тұрмыстық техникалар жиі істен шығады екен. Бұл туралы Оtyrar.kz хабарлады.  


Иконка комментария блок соц сети

Шымкенттегі "Таскен" шағынауданындағы 3 көшенің тұрғындары 13 жылдан бері жарыққа жарымай келеді. Жергілікті халық жекенің меншігіндегі электр қуатына тәуелді. Сымдар үзіліп, тұрмыстық техникалар жиі істен шығады екен. Бұл туралы Оtyrar.kz хабарлады.  

"Таскен" шағынауданына күн бата келген қонақтар мекен-жайды таппай әуре-сарсаңға түсіп жатады. Себебі мұндағы жолдар жөнделмеген, ал үйлер сапалы жарыққа қосылмаған. Салдарынан қас қарая көшелер тас қараңғыға айналады.

"Жан-жағымыздың бәрі үкіметтің жарығына жалғанған. Тек 60 үйге кірмеген. 2019 жылы кіргіземіз деген. Әне-міне дегенше қыркүйек өтіп, қазанға жеттік. Өткен жылы шағымданайық дегенімізде биыл болады дейді. Басқа жаққа кетті дейді. Жылда біздікі қалады", - деді қала тұрғыны Анар Назарқұлова.

Үкіметтің жарығынан үміт үзген көпшілік жеке меншіктің жарығына қол жайып келеді. Тек сапасыз сымдар соңғы кездері сыр бере бастаған. Жел тұрғанда үзіле беретін электр тоқтары тұрмыстық техниканың да жауына айналып бітіпті. Іске жарамсыз қалған тоңазытқыш пен теледидарларды былай қойғанда, жекенің жарығы жақында бір адамның өмірін жалмай жаздапты.

"Біздің теледидар, тоңазытқышымыз күйіп кетті. Өшіп жана бергеннен. Қазір телевизорсыз отырмыз. Жарық онсыз да жоқ қой. Оны қайтіп жөндеп ала беретін біздің қаражатымыз жоқ", - дейді тұрғындардың бірі.

Қараша жұрт жауаптыларға да жүгінген. Алайда, ондағылар уәде беруден әрі аспай келеді екен. Сөздеріне сенсек, әкімдіктегілер электр жарығына мұқтаж жұртты келесі айда жарылқамақ.

"Бүгінгі таңда жұмыстар басталып кетті. 2019 жылы қараша айында 3 трансформатор қойылады. 10 шақырым электр желісі тартылады. 600 650 абонент электр жүйесіне қосылады", - деді қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Жаманкөз.

Сала мамандарының кезекті уәдесіне сенсек, "Таскен" шағынауданына мемлекет жарығы келесі айда жеткізіледі. Ал, оған дейін өркениеттен кенже қалған елге ұялы телефонның жарығымен күнелтуге тура келеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети