Шымкентте ұшақ бортында табылған 111 мың доллар мемлекет кірісіне өткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте ұшақ бортында табылған 111 мың доллар мемлекет кірісіне өткізілді Шымкент әуежайы © otyrar.kz

Шымкентте Ыстанбұлдан ұшып келген ұшақ бортынан табылған 111 мың доллар мемлекет кірісіне өткізілді. Бұл туралы Timeskz.kz Шымкент көлік прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте Ыстанбұлдан ұшып келген ұшақ бортынан табылған 111 мың доллар мемлекет кірісіне өткізілді. Бұл туралы Timeskz.kz Шымкент көлік прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады.

Қыруар ақша 2011 жылы табылған. Сол уақытта контрабандаға қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Шетел валютасын тасымалдағандардың кім екені ақыры анықталмады - қылмыстың ізі суымай да, кейін де, сотқа дейінгі тергеуде де.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қылмыстық іс заңнамадағы өзгерістерге сәйкес тоқтатылған.

Шымкенттің көлік прокуратурасы мағлұмдамасы жоқ валютаны мемлекет кірісіне өткізу туралы сотқа талап арыз берді. Абай аудандық соты талап арызды мақұлдады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети