Шымкентте үйлену тойына қонақтар Калашников автоматын әкелген

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте үйлену тойына қонақтар Калашников автоматын әкелген

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкенттегі үйлену тойда екі автомат қаруын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкенттегі үйлену тойда екі автомат қаруын тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жедел қызметкерлер үйлену тойлардың бірінде қалыңдықты шығарып салу рәсімінен кейінгі отшашу кезінде атыс қаруы қолданылатыны туралы ақпарат алды.

Оқиға орнына жедел қызметкерлер тобы көрермендер және жай жүрген адамдар ретінде жіберілген.

Жедел ақпарат расталды. Сағат 00:00-де үйлердің бірінің жанында ауаға оқ ату кезінде полицейлер қаланың 2 тұрғынын автомат қаруымен ұстады. Олардан нөмірлері жойылған АКСУ-47 жауынгерлік автоматы және АК-74 автоматы тәркіленді. Оқиға болған жерді тексеру барысында криминалистер жиырмаға жуық атылған оқ гильзасын тапты.

Қаруды заңсыз сақтағаны үшін соталды тергеу басталды. Тиіс сараптамалар тағайындалды, қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети