01 шілде 2019 10:20

Шымкентте зейнеткерлерді жауыздықпен өлтірді деген жігіт 25 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ваш сонник Ваш сонник

Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты екі адам өлтірген 28 жастағы жігітті 25 жылға бас бостандығынан айырды. Егде жастағы ерлі - зайыпты биыл ақпан айында өз үйінде өлтірілген, - деп хабарлайды "Отырар"


Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты екі адам өлтірген 28 жастағы жігітті 25 жылға бас бостандығынан айырды. Егде жастағы ерлі - зайыпты биыл ақпан айында өз үйінде өлтірілген, - деп хабарлайды "Отырар"

Жұрттың жағасын ұстатқан жантүршігерлік бұл оқиға биыл ақпан айында болған. Ақпанның  бесінен алтысына қараған түні Шымкент қаласы А.Байтұрсынов көшесіндегі 212 үйден жұбайлардың денесі табылған. Түнгі бір шамасында аталған үйге қаруланып келген жігіт жертөледегі асханадан кірген.

Өзімен бірге алып келген бұрандамен пластикалық терезені ашқан. Сосын  бірінші қабатқа көтеріліп, бөлмеде  үй иесін тапқан. Жерде жатқан 64 жастағы үй иесі енді бұрылып қарай бергенде дәл басынан бір рет атқан. Онымен қоймай, жатын бөлмедегі үй иесінің зайыбын пышақтаған. 62 жастағы әйелдің іш, мойын, кеуде торынан көптеген пышақ жарақатын салған. Үй иелерін жайратып салған сотталушы жатын бөлмеден сейфті іздеп тауып, ақша мен әшекейді жымқырған. Жәбірленушілерге тиесілі 2 миллион 300 мың теңге мен құны 1 миллион 690 мың теңге болатын әшекейді алып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Жедел іздестіру шарасы нәтижесінде полицейлер ізін суытпай қолға түсірген. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің үш бірдей бабы бойынша айып тағылған. Атап айтқанда  ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігі 1,8-тармақтарымен, 192-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен айып тағылып, кінәлі деп танылған.

"Сотталушы Е.Қ  Қылмыстық кодексінің нің 99-бабының 2-бөлігі 1,8-тармақтарымен 15 (он бес) жыл мерзімге, ҚК-нің 192-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен 8 (сегіз) жыл мерзімге, ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігімен 2 (екі) жыл   мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігінің талаптарына сәйкес, тағайындалған жазаларды толық қосу жолымен Е.Қ.ке  түпкілікті 25 (жиырма бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Тағайындалған жазаны Е. Қ қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленген", - дейді соттағылар. Айта кету керек, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети