Шымкентте зообақтағы түйеқұсты тепкен жасөспірім анықталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте зообақтағы түйеқұсты тепкен жасөспірім анықталды видео кадры

Шымкенттегі зообақта түйеқұсты тепкен адам анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Отырар" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттегі зообақта түйеқұсты тепкен адам анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Отырар" басылымына сілтеме жасап.

Бұл әрекетті жасөспірім жасаған. Ол зообақтағы тәртіпті бұзғаны үшін жазаланды.

"Құқық бұзушы анықталды – ол кәмелетке толмаған жасөспірім болып шықты. Ол ата-анасының қатысуымен түсініктеме жазып берді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Еске салайық, жануарларға қатыгездік көрсету оқиғасы 25 мамырда Шымкент зообағында болған.

Зообақ әкімшілігінің мәліметінше, шамамен сағат 18:00-де келушілердің бірі қоршаудан асып өтіп, түйеқұсты теуіп жіберген және әдейі басқа жануарларды қорқытқан. Оқиға куәгері бұл сәтті видеоға түсіріп алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course down  604.47  course down  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети