Шымкенттегі 21 жастағы қыздың жантүршігерлік өлімі: Тоқаев пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттегі 21 жастағы қыздың жантүршігерлік өлімі: Тоқаев пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте болған Нұрай Серікбайдың өліміне байланысты қайғылы оқиғаға назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте болған Нұрай Серікбайдың өліміне байланысты қайғылы оқиғаға назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте Нұрай есімді бойжеткеннің кісі қолынан қаза болуы бүкіл елді дүрліктірді. Президенттің сөзінше, Ұлттық құрылтайға осы оқиға бойынша 130-дан астам өтініш келіп түскен.

"Күдіктінің Нұрайды аңдып, маза бермей, қоқан-лоқы көрсеткені анықталып отыр. Ақыры, мұның арты адам өліміне әкеп соқтырды.

Осыған байланысты Ішкі істер министріне Шымкент қалалық департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырдым. Бас прокурор да бұл мәселені мұқият тексереді", - деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, 11 қаңтар Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы студент Нұрай қаза тапты. Полиция адам өлтіру дерегін растады және қылмыстық іс қозғады. Күдікті - марқұмның танысы, ол ұсталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 509.47  course up  592.1  course up  6.54  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети