Шымкенттегі адам өлімі: полиция күдіктіні ұстау кезінде оқ атты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттегі адам өлімі: полиция күдіктіні ұстау кезінде оқ атты Фото © Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Шымкентте полиция әйелді өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады. Бұл ақпаратты Полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте полиция әйелді өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады. Бұл ақпаратты Полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицияның баспасөз қызметі мәліметінше, адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті жәбірленушімен арадағы келіспеушілік негізінде оған пышақ жарақаттарын салған, салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды", – деп мәлімдеді полицейлер.

Оқиға туралы полицияға куәгерлер хабарлаған. Күдікті ізін суытпай ұсталды.

Полиция департаменті мәліметінше, ұстау кезінде қарулы күдікті қарсылық көрсеткен. Осыған байланысты заң талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері оған қатысты қызметтік қару қолданған.

Ер адам медициналық мекемеге жеткізіліп, қамауға алынды. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.94  course up  604.08  course up  6.62  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети