Шымкенттегі Әл-Фараби ауданында ауқымды тазалық шарасы өтті

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттегі Әл-Фараби ауданында ауқымды тазалық шарасы өтті Шымкент ІСБ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы ел көлемінде кең қолдау тауып, түрлі өңірлерде ауқымды іс-шаралармен жалғасуда. Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және халықтың санитарлық-экологиялық сауаттылығын арттыру.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы ел көлемінде кең қолдау тауып, түрлі өңірлерде ауқымды іс-шаралармен жалғасуда. Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және халықтың санитарлық-экологиялық сауаттылығын арттыру.

Осыған орай бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында "Таза Қазақстан" акциясы аясында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

"Іс-шараға аудан әкімдігінің, түрлі мекемелердің қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды. Бұл жұмыстарға жалпы саны 100 адам атсалысып, қаланың тазалығы үшін белсенді түрде атсалысты. Сонымен қатар, қоқыс пен құрылыс қалдықтарын шығаруға арналған 5 арнайы техника тартылды", - деді Шымкент ІСБ өкілдері.

Тазалық барысында келесі жұмыстар атқарылды:

  • Аудан аумағында жалпы санитарлық тазалау;
  • Құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды арнайы орындарға тасымалдау;
  • Қураған ағаштарды жинап, арту және шығару жәе т.б. жұмыстар.

Аталған жұмыстардың нәтижесінде 7 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға нақты үлес қосылды.

Суреттер: Шымкент ІСБ

Сонымен қатар, тазалық жұмыстары қала тұрғындарының жиі серуендейтін орны – "Кең баба" саябағы аумағында да жүргізілді. Бұл қоғамдық демалыс орнының санитарлық тазалығы мен экологиялық жағдайы әрдайым басты назарда. Осыған байланысты аталған аумақта қоқыстан тазарту және абаттандыру шараларын жүргізу тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз демалуына мүмкіндік береді.

Әл-Фараби ауданы әкімдігі "Таза Қазақстан" акциясы аясындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруды көздеп отыр. Осыған байланысты аудан әкімдігі алдағы уақытта да аудан тұрғындарын қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, аумақтық сенбіліктерге белсенді түрде қатысуға және тұрмыстық тазалықты сақтауға шақырады.

"Табиғатты аялау – әр азаматтың ортақ міндеті. Экологиялық қауіпсіздік – ұлт саулығының, ұрпақ болашағының кепілі", - деді Шымкент ІСБ өкілдері.

Tengrinews
Шымкент ІСБ ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети