04 ақпан 2021 | 10:03

Шымкенттегі автобус жүргізушілері жалақысын көтеруді талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

3 ақпанда Шымкенттегі автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты. Олар жалақысын көтеруді талап еткен. Наразылық шарасының салдарынан қалада коллапс болды. Әкім Мұрат Әйтенов ереуілге шыққан жүргізушілермен кездесті, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

3 ақпанда Шымкенттегі автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты. Олар жалақысын көтеруді талап еткен. Наразылық шарасының салдарынан қалада коллапс болды. Әкім Мұрат Әйтенов ереуілге шыққан жүргізушілермен кездесті, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, автобус жүргізушілері жалақысын 300 мың теңгеге көтеруді талап еткен. 

"Сағатына 860 теңгеден төлейміз деген, енді есептеңіз. Бізге қазір 10-ақ сағатқа айлық төлеп жатыр. Ар жағында бес сағатымыз қайда біздің? Жоқ ол. Ол есепке кірмейді. Жалақыны ең көп алғаным - 110 мың теңге. Одан артық ақша алған жоқпын. Бәрі біздің мойнымызда, көлікті жууға 1300 оған төлейміз, 700 теңге жанармайға береміз", - дейді автобус жүргізушісі Серік Назымбеков.

Автобус жүргізушілері билет кесушілердің еңбекақысын да өз қалталарынан төлейтінін айтады. Олардың сөзінше, қоғамдық көліктердің бағыты өзгергелі де табыс азайған. Электронды төлем жүйесі тіпті өзін-өзі ақтамайды екен. 

"Валидация ұрған кезде, мысалы, карточка істемей қалса, халық тегін түсе берсін дейді. Қанша адам тегін түсіп кетеді. Біз солармен қырылысып, алысып жүреміз. Кешке келеміз, мыналар "жоспар" дейді. "Тауып бер жоспарды" дейді. Қайдан тауып береміз біз, карта ұрмаса. Валидатор көп істемей қалады. Анда-санда істемей қалады. Аппараты да істемей қалады", - дейді кондуктор Балжан Түктібаева. 

Компания директоры болса, мұның бәрін жоққа шығарды. Олардың өз уәжі бар. Оның сөзінше, бұл жерде ұтылып жатқан ешкім жоқ.  

"Жалақыны біз тек бұл кісілер 100 пайыз әділ жұмыс істегенде ғана көтере аламыз. Дәл қазір бұлардың әділдігіне күмәнім бар. Біз бәрін тексеріп отырмыз. Бұлар билетті де толық таратпайды. 5-6 адам ғана мінуі мүмкін емес қой бір күнде. Мәселен мен №96 бағыттағы автобусқа кондуктор есебінде шығып көрдім. Олардың жоспары 15-16 мың теңге. Шын мәнінде кешке дейін 37 мың теңге жиналды. Ақшаның көп бөлігі жүргізушінің қалтасында қалады", - дейді "Shymkent bus басқарушы компаниясы" ЖШС директоры Азат Қайыпбеков. 

Қала Мұрат Әйтенов тараптарды тыңдап, бір шешім қабылдайтынын айтып, жиналғандарды сабырға шақырды.  

"Егер келісімге келмесе мен 100 автобусты алып басқа компанияларға тарқатып тастай салам. Сол үшін кешке кездесейік. Сөйлесейік, әңгімелесейік. Қала тұрғындары кінәлі емес. Сағат 22.00-де келемін, осы жерде тұрамыз да, бәріміз жиналып сөйлесеміз. Бәрін алып келемін", - деді Әйтенов. 

Телеарна мәліметінше, материал эфирге әзірленіп жатқанда, жүргізушілердің жалақысы 200 мың, ал кондукторларға 100 мың теңге төленетін болыпты. Бұған қоғамдық көлік қызметіндегілердің 90 пайызы келісіп отырғаны жазбаша хабарланды. Алайда бұл жалақы көбін қанағаттандырып отырмаған секілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети