28 ақпан 2020 | 11:17

Шымкенттегі "Гарант 24 Ломбард" филиалының директоры ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттегі "Гарант 24 Ломбард" филиалының директоры ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкенттегі "Гарант 24 Ломбард" филиалының директоры ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол 300-ге жуық тұрынды алдап, 500 миллион теңгеден астам ақша жымқырды деген ақпарат бар. Полиция қызметкерлері оны ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Бұған дейін, салымшыларды алдап, 100 миллион теңгеден астам шығын келтірген "Estate Ломбард" ЖШС филиалының директоры ұсталғаны туралы хабарланған. Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Шымкент қаласының Полиция департаменті аталған ЖШС-лардан зардап шеккендерді жақын жердегі полиция бөлімдеріне хабарласуды немесе "102" нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.

21 ақпанда Қазақстанның бірнеше қаласында "Estate Ломбард" және "Гарант 24" салымшылары ақшаларын қайтару үшін компанияның кеңселеріне басып кірген. Кейінірек Алматы, Атырау, Павлодар, Тараз, Қарағанды, Ақтау, Орал, ШҚО-дағы ломбардтың аймақтық филиалдары басшыларының ұсталғаны белгілі болды

Қазақстандық жұлдыздар да "Гарант 24" және "Estate Ломбард" ұйымдастырған қаржылық пирамидасының құрбандары болғанын хабарлаған еді. Олардың қатарында вайнер Мейіржан Төребаев, әнші Айқын Төлепберген, сондай-ақ актерлер Асылхан және Артур Төлепов бар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети