Tengrinews.kz тілшісі Шымкенттегі гүл дүкенінде келушінің гүл шоғын күштеп тартып алып, гүл сатушыны итеріп жіберген жанжалды оқиғаға қатысты тергеудің мән-жайын анықтады.
Tengrinews.kz тілшісі Шымкенттегі гүл дүкенінде келушінің гүл шоғын күштеп тартып алып, гүл сатушыны итеріп жіберген жанжалды оқиғаға қатысты тергеудің мән-жайын анықтады.
Кейін резонанс тудырған видео кейіпкері бұрынғы полицей екені белгілі болды. Шымкент прокуратурасының мәліметінше, бұл іс "Қарақшылық" бабы бойынша тергеліп жатыр.
"Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнематериалдарды талдау нәтижесінде Тұран ауданы ПБ-да бұл факт бойынша ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша соталды тергеу басталды және Шымкент Полиция департаментіне берілді. Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша қажетті жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері бойынша іске қатысты заңды процестік шешім қабылдай отырып, кінәлі адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", - делінген Шымкент прокуратурасының редакция сауалына ресми жауабында.
Сондай-ақ, ведомство Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес соталды тергеп-тексеру деректері жария етілуге жатпайтынын хабарлады.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде шымкенттік ер адамның дүкеннен гүл шоғын күштеп алып, сатушыны итеріп жібергені түсірілген видео тараған еді. Оқиға мамырда болған, бірақ видео жақында ғана жария болды. Күш көрсеткен ер адам полиция қызметінен босатылған Қаратау аудандық полиция бөлімінің бұрынғы қызметкері болып шықты. Кейін атышулы видеодағы екінші қатысушының кім екені белгілі болды. Ол Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Данияр Елқонды екен. Ол қатаң сөгіс алған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!