10 тамыз 2023 | 15:21

Шымкенттегі гүл дүкенінде "прокурордың ұлы" түсірілген видео желіде қызу пікірталас тудырды

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

instagram.com/krisp.tdk видео кадры

Шымкент қаласының прокуратурасы белгісіз біреудің гүл сататын дүкеннің қызметкерлерін қорқытқан оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкент қаласының прокуратурасы белгісіз біреудің гүл сататын дүкеннің қызметкерлерін қорқытқан оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, 8 тамызда әлеуметтік желілер мен жекелеген ақпарат құралдарында прокуратура қызметкерінің ұлы деген азаматтың "Романтик" гүл дүкенінің қызметкерлеріне физикалық зорлық-зомбылық көрсету қаупі туралы ақпарат тараған.

"Бұл адамның прокуратура органдарына ешқандай қатысы жоқ, біздің қызметкерлермен туыстық байланысы жоқ", - деді Шымкент прокуратурасы.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шымкенттік ер адам гүл сататын дүкендегі заңсыз әрекеті үшін жеті тәулікке қамауға алынған.

"Әлеуметтік желіде Шымкенттегі гүл сататын дүкендердің бірінде сатып алушының заңсыз әрекеті туралы видео тарады. Қолданылған шаралардың нәтижесінде "Тұран" аймақтық унитарлық кәсіпорнының қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, полицияға жеткізді. Алайда сатушы ер адамның үстінен арыз жазудан бас тартқан. Соған қарамастан полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама толтырды," - деді Шымкент полициясы.

Айта кетейік, іс бойынша жиналған материалдар құқық бұзушыға қатысты шешім шығару үшін әкімшілік сотқа жолданды. Сот қаулысымен ер адам жеті тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети