Шымкенттегі карантин туралы жаңа қаулы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттегі карантин туралы жаңа қаулы жарияланды Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Шымкент бас санитар дәрігерінің карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент бас санитар дәрігерінің карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаланың бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев Шымкенттегі карантин және шектеу шараларын 9 қараша 00:00-ден 23 қараша 00:00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына көпшілік жиналатын іс-шаралар (туған күн, мерейтойлар, ұзату, құдалық, той, беташар және басқалары) өткізуге тыйым салынады.

65 жастан асқан тұрғындарға қалада қозғалуға шектеу қойылды.

Сондай-ақ, Шымкентте үш адамнан аспайтын топқа немесе бір отбасы мүшелеріне аулаларда серуендеуге, саябақтарға, алаңдарға, скверлер мен жағалауларға баруға рұқсат етіледі.

Гипермаркеттер, супермаркеттер, минимаркеттер және дүкендер 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

Құжатты толығырақ сілтеме бойынша, сондай-ақ Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтынан оқуға ​​болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети